Бокс

Кроуфорд: Альварес Ковалевтан жеңіліп қала жаздады, Головкиннен жеңіліс тапты

Кроуфорд: Альварес Ковалевтан жеңіліп қала жаздады, Головкиннен жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Теренс Кроуфорд орта және жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің қарсылас таңдаудағы әрекетін сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Саульдің одан айырмашылығы ол үлкен жекпе-жектеріне бұрын нокаутпен жеңілген боксшыларды көп таңдайды.

«Мен Альварес — Ковалёв жекпе-жегін тамашаладым, Сауль жеңіліп жатты. Менің білетінімді бәрі біледі – Ковалев тез шаршап қалады, оның жасы да келді. Иә, сіздер Головкиннің Ковалевтан да жасы үлкен деп айтарсыздар, бірақ бәрі үшінші кездесуді көргісі келеді. Себебі Альварес бірінші кездесуде жеңіліп қалды, ал екінші жекпе-жекте төрешілерге тең есепті тіркеуге болар еді.

Альварес жартылай ауыр салмаққа көтерілгені үшін сыйлауға тұрарлық боксшы ма? Менің жаңа дивизионға ауысуым мен оның ауысуындағы айырмашылықтың неде екенін түсінесіздер ме?! Мен бұрын жеңілмеген чемпиондарды өзімі қарсылас ретінде таңдаймын, ал Сауль бұрын нокаутпен жеңілгендерді таңдайды», - деді Кроуфорд YouTube сайтындағы SiriusXM арнасында жарияланған сұхбатта.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер