ММА

«Кіммен төбелесуді мен шешемін». Хабибке Уайттың сөздері ұнамай қалды

«Кіммен төбелесуді мен шешемін». Хабибке Уайттың сөздері ұнамай қалды
news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Дэйна Уайттың Конор МакГрегор Серронені жеңген жағдайда ресейлік файтермен қармыта кездесу өткізетіні туралы айтқаны ұнамай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Меніңше, Серроне он жекпе-жектің жетеуінде немесе сегізінде жеңіліске ұшырады. Анау да төрт жылға жуық уақыт болды, жеңіске жете алмай жүр. Мұны екінші лига деп атауға болады. Кімнің жеңетіні маған түк қызық емес.

Дэйнаның егер Конор жеңсе, мен де жеңсем, екеуміздің арамызда қарымта кездесу өткіземіз дегені қызық екен. Кіммен кездесу керектігін мен шешемін. Конорға алдымен салмақ қуалау керек, одан кейін белбеуге таласқысы келсе, мен сияқты он рет жеңіске жетуі қажет. Сол кезде ғана біз қарымта кездесу туралы айта аламыз. Ал әзірге ол деңгейі төмен файтерлерді жеңіп, 77 келі салмақта жекпе-жек өткізе берсе, менімен ешқашан төбелесе алмайды», деді Хабиб Blood and Sweet-ке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер