Әлем футболы

Роналдудың көршісі: Криштиану - керемет көрші

Роналдудың көршісі: Криштиану -  керемет көрші
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың көршісі Элизабет Борель жұлдыз футболшының көрші тұрғаны оның отбасына ешқашан кесірін тигізбегенін айтады. Бұл туралы әйелдің өзі әңгімелеп берді, деп жазады Prosports.kz италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Криштиану – керемет көрші. Олардың қатты сөйлегенін естімейсің, сауық кештерін де ұйымдастырмайды. Олардың үйіне көліктер де көп келмейді. Оның терезесі күңгірттелген Rolls-Royce автокөлігін мініп жүргенін жиі көремін. Оның гаражында спорт көліктері де бар, мәселен Lotus көлігі. Үйінде әдемі жабық бассейні және ерекше күтімдегі кішігірім бағы да бар. Кіші Криштиану скейтбордпен көшеде жүйткіп жүрсе, оққағарлар артында жүгіріп жүргені. Ал Джординаға бала күтушілер көмектеседі», дейді Борель El Mundo басылымына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер