Әлем футболы

Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді

Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ шабуылшысы Неймар каталониялық «Барселонаны» тағы да сотқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz El Mundo порталына сілтеме жасап.

Бразилиялық футболшы жаңа арызында каталониялық клубтан төленбеген 3,5 миллион еуро жалақысын және келісімшартты ұзартқаны үшін төленетін қосымша бонустарды талап еткен. Ойыншы «Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеуді адамгершіліктен жұрдай адам деп атады.

Неймар бұдан бұрын да «Барселнадан 43,6 миллион еуро талап етіп, сотқа берген болатын. Бразилиялық клубқа қайта оралса, арызын қайтарып алады деген де сыбыс шыққан, алайда трансфер жасалмай қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер