Бокс

Теренс Кроуфорд: Ломаченко мен Альварес мықты боксшылар емес

Теренс Кроуфорд: Ломаченко мен Альварес мықты боксшылар емес
news-banner7
mobile-news-top

P4P рейтингінде (салмақ дәрежелеріне байланысты емес) үздік ТОР 3 боксшылардың ішінде Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд пен Сауль Альварес бар, деп жазады Prosports.kz.

Америкалық Кроуфорд аталмыш екі боксшының мықтылығына күмән келтіреді.

«Мен Ломаченко мен Альварес көп жетістікке қол жеткізу арқылы рейтингте алдыңғы қатарда тұр деп есептемеймін. Бұл менің жеке пікірім. Альварес Ковалевты жеңген дейсіз бе? Иә, алайда Ковалев бұрын да жеңіліп жүрген еді ғой?! Дәл осы жерде Саульдің ерен еңбегін көріп тұрған жоқпын».

«Мен жай ғана өз ойымды айттым. Рейтингті құрастырушылардың да өз білгендері бар шығар. Біреу Ломаченконы үздік десе, енді бірі мені немесе Алваресті мықты деп ойлайды. Бұл қалыпты нәрсе», - дейді Кроуфорд.

Айта кетелік ESPN Ломаченконы үздік деп танып, одан кейінгі орындарға Кроуфорд пен Альваресты қойса, The Ring журналы Альварес пен Ломаченконы көш басына қойған, ал Кроуфорд тіпті TOP 3 тізімінде де жоқ болып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер