Бокс

Қазақстан командасы Кубамен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан командасы Кубамен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасы 2020 жылғы оқу-жаттығу жиындарын қаңтар айында бастайды. Команда мүшелері Алматы облысындағы АІВА академиясының базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев мәлімдеді.

"2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап АІВА базасында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Бірлескен жаттығу жиынына Венгрия, Жапония және Куба құрамаларын шақырып отырмыз. Үш елдің боксшылары да әлемде үздіктер қатарынан табылады. Сондықтан, лицензиялық турнир қарсаңында мұндай жиын өткізу үшін біз үшін өте маңызды. Біздің боксшылар үшін олимпиадаға іріктеу турнирі 31 қаңтарда басталады. Сол сынға тас-түйін дайын болуымыз қажет", - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасы бұл күндері АІВА базасында жылдың соңғы дайындық кезеңін өткізуде.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер