ММА

Хабиб Нурмагомедов: Соққым мықты. Фергюсонды ерекше қатты ұратын боламын

Хабиб Нурмагомедов: Соққым мықты. Фергюсонды ерекше қатты ұратын боламын
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жекпе-жектегі қарсыласы Тони Фергюсоннан мықты екенін мәлімдеді.

– Мен әрқашан қарсыласыма қарағанда өзімнің мүмкіндігімді жоғары бағалаймын. Күресте жақсымын. Ол бірнеше мәрте нокдаунға түскен, ал мен әлі күнге құламадым. Соққым мықты. Оны ерекше қатты ұратын боламын, - деп келтіреді Хабиб Нурмагомедовтің сөзін ТАСС агенттігі.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек 18 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер