Саво Милошевич: Біз топтан шығуға лайықты едік

news-banner7
mobile-news-top

«Партизан» - «Астана» арасындағы кездесу соңында белградтық команда бас бапкері Саво Милошевичтің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Бүгінгі нәтиже үшін ең алдымен өз ойыншыларыма алғыс білдіремін. Бірінші таймда біз осы маусымдағы ең үздік ойынымызды көрсеттік. Және де командаға қосымша мотивация беріп, бүгінгі кездесуде ерекше қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Біздің Еуропа Лигасындағы жолымыз осымен аяқталды. Біз топтан шығуға лайықты едік, алайда бұл футбол.

- Бүгін шабуыл шебіндегі үш ойыншы да тамаша ойын көрсетті. Олардың Еуропа Лигасындағы ойынына көңіліңіз толды ма?

- Біздің үш легионерге де көңіліміз толады. Садик маусым басында қосылса, қалған екеуі бізбен бірге дайындық жұмыстарын да өткізген жоқ болатын. Мен олардың соққан голынан бөлек, біздің ойын жүйемізге қосқан үлестері үшін алғыс білдіремін.

- Владимир Стойковичтың жарақаты қаншалықты ауыр?

- Оның айтуы бойынша айтарлықтай ауыр жарақат жоқ. Бірақ біз дәрігерлердің тексеріс нәтижесін күтуіміз қажет.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер