Әлем футболы

«Эль Класико»: Бартомеу матчтың енді кейінге шегерілмейтінін шегелеп айтты

«Эль Класико»: Бартомеу матчтың енді кейінге шегерілмейтінін шегелеп айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу Испания чемпионатындағы мадридтік «Реалмен» болатын ойын енді кейінге шегерілмейтінін айтты, деп жазады Prosports.kz испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Эль Класико» өтеді және кейінге шегерілмейді. Біз матчты өткізуге тиіспіз. Біз қиын жағдайға тап болып отырмыз, дегенмен матч тыныш жағдайда өтеді. Қауіпсіздікке жауап береміз. Фанаттар отбасымен немесе достарымен келе алады. «Эль Класико» спорт мерекесі мен бейбіт матчқа айналмақ», деді Бартомеу.

Негізі, матч қазан айында өтпек болған, алайда Каталонияда шерулер өтіп, кейінге шегерілген болатын.

Айта кетелік, «Барселона» Примерада 34 ұпаймен топ бастап тұрса, Мадридтің «Реалы» да дәл сондай ұпаймен каталониялықтарды өкшелеп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер