Эрич: Жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз

Эрич: Жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз
news-banner7
mobile-news-top
Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы «Партизан» - «Астана» арасындағы кездесу алдында елорда командасының капитаны Ненад Эричтің қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Мен Белградқа, "Партизан" стадионына қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Ал ертеңгі ойынға келер болсақ, бізді қиын кездесу күтіп тұр. Қарсыластың қарымы өте мықты. Біз өз алаңымыздағы сәтсіздіктен кейін, ертеңгі ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды салатын боламыз.

- Сіз өзіңіздің тарихи Отаныңызға оралып отырсыз. Маңызды ойын алдындағы сезіміңізбен бөлісе аласыз ба?

- Мен бұл жерде доп теппегеніме ұзақ уақыт өтті. Сондықтан да Сербияға оралғаныма өте қуаныштымын. Ертеңгі кездесудің турнирлік кестеде ешқандай маңызы болмағанына қарамастан, "Партизан" жанкүйерлері ойында тамаша атмосфера жасайтындығына сенімдімін. Қарсыластың қандай команда, қандай елден екендігіне қарамастан, біз кәсіби футболшы ретінде ойынға барынша жоғары деңгейде дайын болуымыз қажет.

- Алдағы ойынның турнирлік кестеде ешқандай маңызы жоғын ескеретін болсақ, кездесу қаншалықты жеңіл өрбімек?

- Біз барынша сапалы ойын үлгісін көрсетуге тырысамыз. Біздің және "Партизанның" топтан шығатын мүмкіндігі жоқ болғанымен, дәл осы ойынның нәтижесі бізге рейтингте қосымша ұпай береді. Сондықтан, бұл ойынның да маңызы бар. Екі команда да алаңда барын салатынына мен өз басым сенімдімін.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер