Бокс

Садриддин Ахмедовтың промоутері қазақстандықтың чемпиондық атаққа таласуға дайын екенін мәлімдеді

Садриддин Ахмедовтың промоутері қазақстандықтың чемпиондық атаққа таласуға дайын екенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Eye of the Tiger Management компаниясының өкілі Камилл Эстефан Садриддин Ахмедовтың 7 желтоқсандағы жекпе-жегін жоғары бағалады, деп жазады Prosports.kz Journalmetro.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшының промоутері «Біз боксшыларымыздың нағыз сыннан өткенін көрдік. Лексон Матье, Садриддин Ахмедов, Саймон Киндер керемет жұдырықтасты. Біз боксшыларымыздың әлем боксында басты қаһармандарға айналатынына сенеміз. Ахмедовке келер болсақ, ол әлем чемпионы атағына таласуға дайын. Ол алдағы онжылдықтың бас жұлдызы болатынына кепілдік беремін», деді.

Еске сала кетелік, 7 желтоқсан күні Канаданың Монреалінде өткен бокс кешінде Садриддин Ахмедов аргентиналық Хосе Луис Вильялобосты жойқын соққысымен нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер