Хоккей

Қазақстандық атақты қақпашы «Сан-Хосе Шаркс» командасының жаттықтырушысы атанды

Қазақстандық атақты қақпашы «Сан-Хосе Шаркс» командасының жаттықтырушысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Өскемен хоккей клубының түлегі Евгений Набоков Ұлттық хоккей лигасындағы «Сан-Хосе Шаркс» клубының жаттықтырушылар құрамына кірді, деп жазады Prosports.kz. клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Набоков Боб Бугнердің штабында қақпашылар бапкері қызметіне кіріспек. Бұған дейін ол 2015 жылдан бастап бес маусым бойы скаут және қақпашыларды дамыту жөніндегі жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Айта кетелік, Набоков «Сан-Хосе Шаркс» қақпашыларының арасында өткізген матчтар (563), жеңістер (293), шатауттар саны (50) бойынша рекорд жасаған. 1999-2009 жылдар аралығында аталмыш клубтың намысын қорғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер