Әлем футболы

«Реал» президенті «бүйректен сирақ шығарып жүр»

«Реал» президенті «бүйректен сирақ шығарып жүр»
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА ұйымы жабық форматтағы Суперлига турнирін өткізуге қарсы, алайда бұл мәселені талқылауға дайын, деп жазады Prosports.kz.

Басынан бастайық. Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес біраз уақыттан бері Еуропаның негізгі бес лигасы (Германия, Англия, Испания, Франция және Италия) клубтарының арасында Суперлига турнирін құру идеясын ұсынып жүр. Оның айтуынша аталмыш елдерден 20 команда және басқа да чемпионаттардан мықты клубтарды шақыруға болады.
ФИФА басшысы Джанни Инфантино: «ФИФА мұндай жобаларды қолдамайды. ФИФА – барлық тақырыпта әңгіме қозғай алатын, ашық демократиялық ұйым. Біз кез келген ұйыммен немесе клубпен белгілі бір жобаны талқылай аламыз. Егер біз нақты бір жұмысты істегіміз келсе, оны біз істейміз», деді Суперлига жөнінде.
Аталмыш жобаны УЕФА президенті Александер Чеферин де қолдамады, оның айтуынша бұл турнир Чемпиондар лигасының болашағына қауіп төндіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер