Жасур Нарзикулов «Ақтөбеге» оралды

news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі қақпашы Жасур Нарзикулов «Ақтөбе» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы ойыншы Қазақстан чемпионаттарында алғаш рет 2005 жылы 7 тамызда алаңға шықты. Нарзикулов «Тобылға» қарсы матчта «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен еді.

Жасур «Ақтөбе» сапында екі рет бақ сынады. Алғаш рет қақпашы 2006 жылы ақтөбеліктердің жейдесін киді. Осыдан кейін біраз уақыт Өзбекстанда доп тепкен Нарзикулов 2012 жылы Ақтөбе қаласына қайта оралған. Жалпы, қақпашы «ақ-қызылдар» сапында 54 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер