Бокс

Қазақстандық боксшы қыз Мәскеуде шаршы алаңға шығады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Лаура Есенкелді (0-1) Ресейде жекпе-жек өткізеді.

BoxRec порталының мәліметінше, 19 жастағы боксшы қыз Мәскеуде өтетін кеште жергілікті спортшы Елена Выстроповамен жұдырықтасады.

Сондай-ақ бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Уәлихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) шаршы алаңға шығады. Ол ресейлік Иван Арацкийге (0-3) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер