Дзюдо

«Masters» турниріндегі алғашқы қарсыластарымыз анықталды

«Masters» турниріндегі алғашқы қарсыластарымыз анықталды
news-banner7
mobile-news-top

12 желтоқсанда Циндаода дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі басталады. Бүгін аталған жарыстың жеребесі тартылды. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошылардың байрақты бәсекедегі алғашқы қарсыластары белгілі болды.

60 келіге дейінгі салмақта белдесетін қос қазақстандық балуан бір топқа түсті. Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы ресейлік Альберт Огузов болса, Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валиде Хьярмен белдеседі.

66 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Елдос Жұмақанов жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы ресейлік Арам Григорян болмақ. Дәл осы салмақта белдесетін Ерлан Серікжанов та жарысқа екінші айналымда қосылып, испаниялық Гайтино Мартин Альбертоға қарсы күреседі.

73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смағұлов молдовалық Вкитор Стерпумен, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Дидар Хамза ресейлік әлем чемпионы Хасан Халмурзаевпен кездеседі.

Ал 90 келіге дейінгі салмақта татамиге шығатын Ислам Бозбаев Грузия балуаны Бека Гвинашвилимен белдеседі.

Бұрымды балуандарымыз Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) португалиялық Мариа Сидеротпен, Севара Нишанбаева (-57 кг) Қытай спортшысы Уен Жангпен кездеседі.

Айта кетерлігі, «Masters» турниріне әлемнің 67 елінен 447 спортшы бақ сынамайды. 14 желтоқсанға дейін жалғасатын додаға Қазақстан сапынан 9 дзюдошы қатысады.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер