Басқа

Дархан Асаділов 2019 жылды қорытындылады

Дархан Асаділов 2019 жылды қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Жазғы спорт маусымы аяқталғанымен, спортшылар үшін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үшін жанталас әлі де жалғасуда. Жазғы Олимпиада ойындарына жаңадан қосылған каратэ спортының өкілі қазақстандық Дархан Асаділов жылды қорытындылап, сұхбат берді.

«2019 жыл мен үшін өте қиын әрі қуанышқа толы жыл болды. Тек мен емес, ұлттық құрама маусымды сәтті аяқтадық. Каратэ Олимпиада бағдарламасына енгеннен бастап, біз екі жыл үзіліссіз лицензиялық жарыстарға қатыстық. 2018-2019 жылы біз үшін әлемдік рейтингте тиісті ұпайды жинаумен болдық.

Қарсыластарымыз да осал болмады. Әр жарыста ТОП-50, ТОП-60 үздіктерімен бісекеге түстік. Нәтижесінде, бүгінде ұлттық құраманың барлығы дерлік әлем рейтингінде үздік ондыққа еніп отыр.

Қазір бізге демалыс берілді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап, наурызға дейін тағы лицензиялық 5 ірі әлемдік додаға қатысамыз. Одан кейін Олимпиадаға кім баратыны белгілі болады», - дейді Дархан Асаділов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер