Кирилл Морунов «Қайраттың» жастарын жаттықтырады

Кирилл Морунов «Қайраттың» жастарын жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері қызметіне отандық маман Кирилл Морунов тағайындалды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, Кирилл Морунов клубта жеті жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын филиалдың командасында бастаған. Содан кейін Т.С. Сегізбаев атындағы академия командасында бапкердің көмекшісі және бас жаттықтырушысы болды. Оның «А» санатындағы жаттықтырушы лицензиясы бар, 2018 жылы 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болды.

2019 жылғы маусымда «Қайрат» академиясының 2002 жылы туған балалардан құралған командасымен Қазақстан чемпионы атанып, Жастар арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Моруновқа Евгений Коструб пен Максим Гулик көмектеседі. Физикалық жаттықтырушысы - Вадим Боровский. Қақпашылар жаттықтырушысы - Илья Юров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер