Павлодарда жабық футбол манежі ашылады

Павлодарда жабық футбол манежі ашылады
news-banner7
mobile-news-top

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Павлодар өңірінде жабық футбол манежі ашылады.

«Спорт-Сити» қалашығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде тұрғызылған облыстағы жалғыз жабық футбол манежі ашылады. Мұнда жыл бойы футбол ойнауға болады. Манеж бір мезетте 88 адамды қабылдай алады. Құрылысы демеушілер қаражатының есебінен жүргізілді, құны - 1,4 миллиард теңге. Манеждің өзінен бөлек, мердігер ұйым спорт ғимаратына жақын орналасқан аумақты абаттандырды, жол төсеп, кең көлемді футбол, баскетбол алаңдарын және скейтборд тебуге арналған алаңқай жасады.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер