Әлем футболы

Карло Анчелотти «Наполиден» кетті

Карло Анчелотти «Наполиден» кетті
news-banner7
mobile-news-top

«Наполи» Карло Анчелоттидің команданың бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

60 жастағы маман неаполатандық клубтағы соңғы матчында командасын Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығарып кетті.

«Наполи» бельгиялық «Генкті» (4:0) жеңіп, өз тобында «Ливерпульден» кейін екінші орынға табан тіреді.

-«Наполи» Анчелоттимен ынтымақтастығын тоқтату туралы шешім қабылдады. «Аурелио де Лаурентис пен Анчелотти достық қарым-қатынасты және өзара сыйластықты сақтап қалды» - деп мәлімдеді италиялық клубтың баспасөз қызметі.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер