Садриддин Ахмедов жекпе-жектен уақытша шеттетілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) біраз уақытқа шаршы алаңға шыға алмайды, деп жазады Prosports.kz.
7 желтоқсанда Монреалда өткен жекпе-жекте аргентиналық Хосе Антонио Вилалобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Квебек провинциясындағы бокс комиссиясы Ахмедовты жекпе-жектен осы жылдың 28 желтоқсанына дейін шеттеті.
Боксшыларды жекпе-жектен уақытша шеттету тәртібі медициналық сипатқа ие. Бұл спортшыларға жекпе-жектен кейін өз қалпына келуіне мүмкіндік береді.