ММА

Аралас жекпе-жектен (ММА) Қазақстан кубогы турнирі өтті (фото)

Аралас жекпе-жектен (ММА) Қазақстан кубогы турнирі өтті (фото)
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Талдықорған қаласында Аралас жауынгерлікжекпе-жектен (ММА) әуесқой жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан кубогы турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Аралас жекпе-жектен біріккен Қазақстан ММА федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнирге 14 облыстың ең мықты деген спортшылары бақ сынасты.

Жасөспірімдер арасында 1 орынды Алматы облысы, 2 орынды Қарағанды облысы, 3 орынды Алматы қаласы иеленді.

Жастар арасында 1 орынды Алматы облысы, 2 орынды Алматы қаласы, 3 орынды Қарағанды облысы иеленді.

Айта кетелік, жарыс 11 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Турнирде жеңімпаз атанған спортшыға «ҚР спорт шебері» атағы берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер