Басқа

Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті

Бес қазақстандық спортшы KWU  киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордадағы «Жекпе-жек» сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатыны басталды.

Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Ерлер тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және әйелдер алты салмақта (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары) бақ сынауда.

Жалпы, әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысуда. Бүгін жартылай финал мен ширек финалдық кездесулер ұйымдастырылды.

Финалдық кездесуге: ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85 келіге дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 келіге дейінгі салмақта Екатерина Гурова, 70 келіге дейінгі салмақта финалға Алемгуль Сабырхан өтті.

Он спортшы: 60 келіге дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75 келіге дейінгі салмақта Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95 келіге дейінгі салмақта Гарас Никита, 90 келіге дейінгі салмақта Сүйінов Мерей; әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта финалға Иоанна Белых, 60 кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70 келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қола жүлдегер атанды.

Финалдық кездесулер ертең «Жекпе-Жек» сарайында өтеді.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы, Kyokushin World Union Халықаралық қауымдастығы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетуде.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер