Фристайл-могулдан Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз8 желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтті.
Аталған бәсекедегі біздің спортшыларымыздың нәтижесі төмендегідей:
Ерлер арасында Дмитрий Рейхард сайысты 4-орынмен аяқтаса, Павел Колмаков 10-орыннан көрінді.
Кезең жеңімпазы канадалық Микаэль Кингсбери, күмісті жапониялық Икума Хоришима, ал қоланы швед Уолтер Уолберг алды.
Юлия Галышева әйелдер арасындағы додада сәтсіз өнер көрсетіп, 12-сатыға жайғасты.
Бірінші орында франциялық Перин Лафонт, екінші жапон Кавамуро Ангри, ал үздік үштікті ұлыбританиялық Британи Кокс түйіндеді.