Қысқы

Конькимен жүгіруден әлем кубогында Надежда Морозова жүлдеге ілікті

Конькимен жүгіруден әлем кубогында Надежда Морозова жүлдеге ілікті
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Надежда Морозова өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Ол 1500 метрге жүгіруден үздік үштікке енді.

Морозова аталған қашықтықты 1:59.115 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтті. Бұл бәсекеде чехиялық Мартина Сабликова топ жарса, екінші орынды канадалық Исабель Уэйлман еншіледі.

Айта кетелік, келесі әлем кубогінде Надежа Морозова А тобында бақ сынайды. Сондай-ақ, Морозова 5000 метрге жарысудан В тобында күміске қол жеткізіп, элитаға қадам басты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер