Басқа

Киокушинкай-каратэден әлем чемпионаты: 5 спортшымыз - финалда

Киокушинкай-каратэден әлем чемпионаты: 5 спортшымыз - финалда
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордадағы «Жекпе-жек» сарайында Kyokushin World Union (KWU) ұйымы аясында киокушинкай-каратэден IV Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми порталына сілтеме жасап.

Доданың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Татами төрінде бақ сынаған 5 отандасымыз ақтық сынға жолдама алды. Ертең қыздар арасында Людмила Устюгова (50 кг. дейін), Екатерина Гурова (60 кг. дейін), Әсемгүл Сабырхан (70 кг. дейін), ерлерден Еркебұлан Бейсембаев (70 кг. дейін), Владимир Артюшин (85 кг. дейін) финалда алтын жүлде жолында күш сынасады.

Сонымен қатар, 10 спортшымыз қола жүлдегер атанды. Олар: Иоанна Белых (55 кг), Елизавета Липова (60 кг), Эльнара Тоғызбаева (65 кг), Ажар Жақсыбаева, Лидия Бочина (70 кг жоғары), Темірлан Жәнібек (60 кг), Артур Коваленко, Нұрлыхан Сәдуақасов (75 кг), Мерей Сүйінов (90 кг), Никита Гарас (95 кг).

Айта кетейік, байрақты бәсекеге 50 мемлекеттен 300-ден аса спортшы келді.

Татами шеберлері 15 салмақ дәрежесі бойынша (ерлер 9 салмақ, әйелдер 6 салмақ) бақ сынап жатыр.

Түпнұсқасы: mks.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер