Бокс

Дычконы нокаутпен ұтқан боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді

news-banner7
mobile-news-top

Сауд Арабияда 33 жастағы Магомедрасул Меджидов кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Меджидов 32 жастағы британиялық Том Литтлды екінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, Магомедрасул Меджидов әуесқой бокста үш рет әлем чемпионы атанған (2011, 2013, 2017 жж). 2011 жылғы әлем чемпионатында ол Энтони Джошуаны жеңді, араға екі жыл салып ауыр салмақта қазақстандық боксшы Иван Дычконы нокаутқа жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер