Басқа

Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан әлем чемпионатының финалына өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Жекпе-Жек» сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем Чемпионатыны басталды.

Әлем Чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша өтуде, ерлерде тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және алты салмақта әйелдер (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары). Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысуда. Бүгін жартылай финал мен ширек финалдық кездесулер ұйымдастырылды.

Финалдық кездесуге: ерлер арасында 70кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 кг дейін Екатерина Гурова, 70кг дейінгі салмақта финалға Алемгуль Сабырхан өтті. Он спортшы: 60кг дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75кг дейін Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95кг дейін Гарас Никита, 90 кг дейінгі салмақта Сүйінов Мерей, әйелдер арасында 55кг дейінгі салмақта финалға Иоанна Белых, 60кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қола жүлдегер атанды.
Финалдық кездесулер ертең 8 желтоқсан сағ 16.00-де «Жекпе-Жек» сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер