Бокс

Садриддин Ахмедовтың Канададағы жекпе-жегін қайдан көрсе болады

Садриддин Ахмедовтың Канададағы жекпе-жегін қайдан көрсе болады
news-banner7
mobile-news-top

7 желтоқсанда Канаданың Монреаль қаласында бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) сынға түседі. Жекпе-жек он раундқа есептелген. Кештің басты кездесуінде Давид Лемье (40-4, 34 КО) — Макс Бурсак (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жекті «Хабар» арнасынан тікелей эфирде 8 желтоқсан 07:00-де тамашалай аласыздар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер