русский язык
Басқа

Дмитрий Баландин АҚШ-та жеңімпаз атанды

news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Атлантада жүзуден өтіп жатқан АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш турнирге Қазақстаннан Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин қатысуда.

Жарыс барысында Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты. Оның көрсеткіші – 59.36. Америкалықтар Андрю Уилссон (59.54) мен Коди Миллер (59.92) екінші және үшінші орынға ие болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;