Қазақстандық бапкер Беларусь клубтарының бірін жаттықтырады

Қазақстандық бапкер Беларусь клубтарының бірін жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Беларусь футбол клубтарының бірін жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz литвалық Futbolas.lt сайтына сілтеме жасап.

Чебурин литвалық «Судува» командасын үш жыл қатарынан жеңімпаз етті. Басылымның хабарлауынша, бапкер минскілік командалардың біріне жаттықтырушы болып барады. Дәл қазір ол «Минск» футбол клубы ма, әлде минскілік «Динамо» ма тап басып айту қиын.

Айта кетелік, Владимир Чебурин Қазақстанда «Шахтердің» бас бапкері болып тұрған тұста 2009 жылы ҚПЛ-дың қола жүлдегері атанған болатын. Ал «Оқжетпеспен» Бірінші лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер