ММА

UFC президенті МакГрегор мен Хабиб арасындағы қарымта жекпе-жекті қашан өткізетінін айтты

UFC президенті МакГрегор мен Хабиб арасындағы қарымта жекпе-жекті қашан өткізетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының президенті Дана Уайт промоушнның басты жұлдыздарының бірі Конор МакГрегордың Хабиб Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жекке қашан шығатыны туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Уайттың айтуынша, МакГрегор бабына қайта ене бастаған. Жаттығуға дұрыс барып, нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Дегенмен Нурмагомедовпен кездесу үшін, ол соған лайық болуы керек. Тіпті оны дәлелдеуі тиіс.

«Ол алдымен Дональд Серронені жеңуі тиіс, сол кезде ғана Нурмагомедов - Фергюсон кездесуінің жеңімпазымен төбелесуге мүмкіндік бар. Оның қаншалықты мүмкін екенін алдағы уақытта көре жатармыз», дейді Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер