Исламбек Қуат «Қайрат» сапынан кетеді

Исламбек Қуат «Қайрат» сапынан кетеді
news-banner7
mobile-news-top

Исламбек Қуат «Қайратпен» 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын келісімшартты ұзартқысы келмейді-мыс.

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Қуаттың алматылық клубтың бапкері Алексей Шпилевскиймен арасында бір дау бар екен. Бұл қақтығыс бір жыл бұрын басталған. Исламбек жазда кетпекші болғанымен, келісімшарт бойынша мерзімі аяқталмаған ол клубта қалуға мәжбүр болған.

Хавбек «Қайраттан» еркін агент ретінде кетуі мүмкін. Футболшыға қазақстандық Премьер-лигадан да, шетелден де ұсыныстар келіп түсуде.

Исламбек алматылық клубта 159 матч өткізіп, 10 гол соқты және 16 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы Қуаттың нарықтық құнын 1,8 млн еуроға бағалайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер