«Оқжетпестің» экс-форварды армян клубынан кетті

«Оқжетпестің» экс-форварды армян клубынан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы, «Локомотив» пен көкшетаулық «Оқжетпес» клубының ойыншысы Дмитрий Сычев еревандық «Пюник» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

36 жастағы Сычев «Пюникпен» тамыз айында келісімшартқа отырған болатын. Ол еревандық клуб сапында ешқандай матчқа қатыспады.

Ресейлік шабуылшы «Оқжетпес» қатарында 2015 жылы ойнаған болатын. Сычев көкшетаулық клубта 19 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер