ММА

Руслан Сариев Алматыда өтетін GFC 23 турнирінде өнер көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Руслан Сариевтің (10-1) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз 25 желтоқсанда Алматыда өтетін GFC 23 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бразилиялық спортшы Матеус де Маттос (6-0) болмақ. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ санатында (66 келі) өтеді.

Айта кетейік, Сариев осы жылдың қыркүйегінде өткен соңғы жекпе-жегінде Рашид Вагабовты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер