ММА

Артем Резников келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

Артем Резников келесі жекпе-жегін қашан өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Артем Резников (20-6) келесі көктемде сегізбұрышқа оралады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Alash Pride FC клубының баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны, сондай-ақ қарсыласы қазірше белгісіз.

Мүмкін Резников ACA ұйымының Қазақстандағы турнирінде өнер көрсететін шығар. Өйткені ресейлік компания келесі жылы елімізде жекпе-жек кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Резников 4 қазанда ACA ұйымындағы дебюттік жекпе жегінде ресейлік файтер Хасан Халиевті бірінші раундта жеңген болатын.

Резников: Раисовпен ертең-ақ жұдырықтасуға дайынмын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер