Жансель Дениз Мәскеуде жеңіліп қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан Гран-при турнирінің қорытынды бәсекесі өтуде. Аталған сынға Қазақстан сапынан үш спортшы шақырту алған болатын. Алайда, екі спортшымыз бірінші айналымда ұтылды.
Жансель Дениз бірінші кездесуінде мексикалық қарсыласына 2:7 есебімен жол берді. Смайыл Дүйсебай 3:10 есебімен әзірбайжандық спортшыдан ұтылды.
Ал Руслан Жапаров алғашқы кездесуінде 10:8 есебімен нигериялық спортшыны жеңіп, жарысты жалғастыруда.