«Астана» Белградқа аттанды

«Астана» Белградқа аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні «Астана» футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Белградқа аттанды. Елорда командасы ол жақта қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Партизанға» қарсы кездесу өткізеді.

Сербия астанасына команда төмендегі құраммен аттанды: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко, қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет, жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев, шабуылшылар: Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле жеке бағдарлама бойынша қалыпқа келуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, «Партизан»- «Астана» арасындағы кездесу желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 02:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер