Әлем футболы

«МЮ» басшылығы «Манчестер Ситидің» бұрынғы футболшысын командаға қосқысы келеді

«МЮ» басшылығы «Манчестер Ситидің» бұрынғы футболшысын командаға қосқысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Вудворд Санчо үшін 119 миллион еуро төлеуге дайын, деп жазады Prosports.kz.

Daily Express басылымының ақпаратына сүйенсек, Джейдон Санчо дормундтық «Боруссиядан» қаңтар айында кетуге бел буыпты. Клубтың соңғы матчтардағы нәтижелері 19 жастағы футболшының көңілінен шықпайды. «Аралар» ішкі чемпионатта бесінші орында, Чемпиондар лигасында топтық кезеңнен шыға алмауы әбден мүмкін.

Қысқы трансферлік терезе ашылысымен «Манчестер Юнайтед» германиялық клуб пен Санчоға ұсыныс жасамақ. Ағылшындық клубтың басшылығы 119 миллион еуродан «Боруссия» бас тартпайды деп сенеді.

Айта кетейік, Санчо 14 жасында «Манчестер Сити» академиясына қосылды. Алайда, бірінші командадағы мүмкіндігін күтпей, 2017 жылы «Боруссияға» ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер