Қысқы

Нұр Сұлтан конькимен сырғанаудан Әлем кубогының кезеңін қабылдайды

Нұр Сұлтан конькимен сырғанаудан Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
news-banner7
mobile-news-top

6-8 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайында конькимен сырғанау бойынша Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 26 елінен 200-ден астам мықты спортшылар Қазақстан астанасына келеді. Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және медалисті Йоррит Бергсма (Нидерланды) және конькимен сырғанаудың басқа да әлемдік жұлдыздары бар.

Қазақстан атынан жаңа жаттықтырушы Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған команда қатысады. Команда құрамында 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары Екатерина Айдова және Роман Кретч, сонымен қатар жас және болашағы зор Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикунов қатысады.

Жарыс қожайыны болғандықтан Қазақстан құрамасы әр қашықтықта бес спортшыдан жарысқа қоса алады.

Жарысқа кіру жанкүйерлер үшін тегін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер