ММА

Жасұлан Әкімжанов Алматыда өтетін турнирде өнер көрсетеді

Жасұлан Әкімжанов Алматыда өтетін турнирде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

25 желтоқсан күні Алматыда өтетін GFC 23 турниріне Arlan MMA Pro Team клубының атынан өнер көрсететін қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжанов (4-1) қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы инстаграмдағы mma_f1ghters_kz парақшасы мәлімдеді. Хабарламада айтылуынша, отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Хайро Пачеко (3-0) болады.

Айта кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегінде Arlan MMA Pro клубының тағы бір жауынгері Дәурен Ермеков ресейлік Артур Гусейновпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы уақытша чемпион атағы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер