Бокс

Рэй Манчини: «Канело» Головкинді айқын жеңбейінше, рейтингте ең үздік боксшы саналмайды

Рэй Манчини: «Канело» Головкинді айқын жеңбейінше, рейтингте ең үздік боксшы саналмайды
news-banner7
mobile-news-top

Бұрынғы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Рэй Манчини мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) өзін әлемнің үздік боксшысы ретінде мойындату үшін не істеу керектігін айтты.

Манчинидің пікірінше, Алварес бұл атақты Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізіп, иеленуі тиіс.

«Канело» - Р4Р рейтингінің үздік боксшысы емес, бірақ ол ТОП-5-ке кіретіні анық. «Канело» GGG-мен тағы да жекпе-жекке шығып, бұл жолы таза, айқын жеңіске жетуі керек. Бірінші жекпе-жекте ешкім оның жеңіске жеткеніне сенген жоқ. Екіншісі жеңіске жақын болды, бірақ бәрібір мен «Канело» жеңді деп есептемеймін. Ол екінші жекпе-жектен соң бірден үшіншісіне келісім беруі керек еді, бірақ олай істемеді. Басқа жігіттер – Джейкобс және Ковалевпен шығып, екеуін де соққылады. Мен «Канелоны» керемет боксшы деп есептеймін, бірақ ол Р4Р рейтингінде бірінші немесе екінші орынға жайғасу үшін Головкинді айқын жеңуі керек деп ойлаймын», - деді Fight Hub TV–ға берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер