Қазақстандық футболдың аңызы қайтыс болды

Қазақстандық футболдың аңызы қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі кеңес футболшысы Леонид Константинович Остроушко 3 желтоқсанда 84 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Остроушко «Қайрат» сапында жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетті. Премьер-лигада 200 матч өткізді. Ал 1957 жылы ол клубтың үздік бомбардирі болып танылды.

Мансабын аяқтағаннан кейін ойыншы жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ол тек қазақстандық клубтарды («Қайрат», «Шахтер», «Алатау») ғана емес, сонымен бірге Өзбекстан (Навбахор, Дустлик) және Беларусь (Динамо) елінің командаларын тізгіндеді. Остроушко сонымен бірге Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жаттықтырушысы болды.

Prosports.kz барша туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер