Басқа

Қазақстандық каратэші Great Winners 2019 лауреаты атанды

Қазақстандық каратэші Great Winners 2019 лауреаты атанды
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтегі Karate 1 премьер-лига маусымы турнирі аяқтала салысымен, Great Winners 2019 атағына ие болғандардың есімдері аталды, деп жазады Prosports.kz. Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш атақ бір жыл бойы Премьер-лига додаларында бірнеше рет топ жарған спортшыларға арналған. Олардың қатарында Премьер-лига мен А сериясында 5 алтын медаль еншілеген Дархан Асәділов те бар.

«Мен осы атаққа алғаш рет жетіп отырмын және оған командамыздың барлық мүшесі лайықты, себебі олар жыл бойы әлемдік каратэде өздерінің мықты екенін дәлелдеп қойды», – деді Асәділов Қазақстаның Ұлттық Олимпиада комитетіне берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасы Мадридте өткен Кarate 1 Премьер-лига турнирінде 3 алтын, 2 күміске қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер