Теннис

Қазақстандық қыз үстел теннисінен халықаралық турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық қыз үстел теннисінен халықаралық турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Таллинде (Эстония) үстел теннисінен «Estonian Open» халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Зәуреш Ақашева екі мәрте жүлдегер атанды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Зәуреш алдымен польшалық клуб сапында командалық турнирдің ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Кейін жекелей сында турнирдің қола жүлдегері атанды. Айта кетелік, Эстониядағы турнир 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер