Басқа

Қазақстандықтар Кarate 1 турнирінде үш алтынға ие болды

Қазақстандықтар Кarate 1 турнирінде үш алтынға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Испания астанасы Мадридте Karate 1 Премьер-лига турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар Дархан Асәділов пен Қайсар Алпыспай финалда кездесуі керек болатын, алайда Қайсар финалдық жекпе-жекке шығудан бас тартып, Дархан еш қиындықсыз жеңімпаз атанды.

Ерлер кумитэсінде (75 келіге дейін) қазақстандық Азия чемпионы Ермек Айназаров Франция спортшысы Логан де Костаны жеңіп, алтын медальге ие болды.

Ерлер арасында Данияр Юлдашев та (84 келіге дейін) финалға шыққан болатын, алайда түркиялық Угур Акташқа жол беріп турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды

Әйелдер додасында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Соья Берульцева грекиялық Элена Хацилиадуден басым түсіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер