Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» «Астон Вилланы» ұта алмады

«Манчестер Юнайтед» «Астон Вилланы» ұта алмады
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтеді» Еуропа лигасында «Астанадан» жеңіліс тапқаннан кейін, АПЛ аясында «Астон Вилланы» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есепті қонақтар ашты. 11-минутта Эль Газиден пас алған Джэк Грилиш гол соқты. Ал бірінші таймның соңында астонвиллалық Том Хитон өз қақпасына доп енгізіп алды. Үзіліске тең есеппен шыққан командалар екінші таймда да бір-бірден гол соқты. Виктор Линделоф 64-минутта МЮ-ді алға шығарса, араға екі минут салып, Тайрон Мингс есепті теңестірді.

Айта кетелік, манчестерліктер 18 ұпаймен 9-орында тұрса, «Астон Вилла» 15 ұпаймен 15-орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер