Басқа

Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Құрметті отандастар!
Сіздерді бүгінгі 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі мейрам Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап, болашағын айқындаған Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тізгінін қолға алып, еліміз президенттік институтқа қадам басқан күн.

Уақыт таразысы көрсеткендей Тұңғыш Президент бастамаларына қолдау көрсеткен, жасампаздыққа жұмыла кіріскен халқымыз бүгінде сан салада биік белестерді бағындырып жүр.

Осынау ұлт үшін ұлық мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, сарқылмас бақ-дәулет, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!,- деп жазылған құттықтауда.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер