Бокс

Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды

Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақта WBО чемпионы, мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Мен үшін бұл жекпе-жек қызық емес. Мен оған 24 раунд уақыт бердім. Осымен бітті. Мен жасайтын басқа да жұмыстарым бар», – деді Альварес BoxingScene порталына берген сұқбатында.

Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті - біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді.

«Канело» - төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездескен Сауль, қарсыласын 11 раундта нокаутқа жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер