Бокс

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр (фото)

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр (фото)
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 желтоқсанда өтетін жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген.

Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер